Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сіздерді алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетпісінші сессиясы 2020 жылдың 13 қарашасында сағат 11.00-де қашықтық режимінде өтетіндігін хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. «Шымкент қаласы 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №41/328-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с шешіміне толықтыру енгізу туралы;
3. «Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/392-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы
мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев