Басты бет » Хабарландыру » «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры
30.03.2020

«Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры

«Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры реквизиттері

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 191 орам, 166 ғимарат, «Қайнар» БО,

Пошта индексі 160000

БСН (БИН)200240014996

«ForteBank» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ8596516F0009257237

БСК (БИК) IRTYKZKA

Біз туралы

2020 жылғы 24 қаңтарда «Shymkent» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның Басқарма отырысының №04/20 шешімі негізінде «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры құрылып, Шымкент қалалық Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 ақпанда тіркелді.

Миссиясы

Шымкент қаласындағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге ат салысу.

Қызмет шеңбері

Әр түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысын және құрал-саймандармен жабдықтауын қаржыландыру және де Шымкент қаласының бюджетінде қарастырылмаған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мен жүргізу.

Қордың мақсаты

– әлеуметтік, мәдени, ғылыми, спорттық, білім беру мақсаттарына жету;

– халықтың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау;

– басқа да әлеуметтік пайдалы мақсаттар.

Қордың қызметі

– білім беру саласындағы жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда: мектепке дейінгі мекемелерді (балабақшаларды), мектептерді, кәсіптік-техникалық мектептерді / колледждерді жаңғыртуды қоса алғанда, құрылыс және / немесе қайта құру;

– денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыру, атап айтқанда:

– санаторлық-курорттық мекемелерді, диагностикалық және оңалту орталықтарын жаңғыртуды қоса алғанда, құрылыс және / немесе қайта құру;

– жобаларды қаржыландыру немесе дамытуға, оның ішінде құрылыс, мәдени-тұрмыстық, спорттық және әлеуметтік маңызы бар объектілерді реконструкциялау арқылы өзге де көмек көрсету;

– демеушілік, қайырымдылық қызметін жүзеге асыру;

– Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, жарғыда белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған басқа да іс-шараларды жүзеге асыру.

Түсім көздері

Заң актілерiне сәйкес, Қордың мүлкiн ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып мыналар табылады:

1) құрылтайшыдан түсетін түсiмдер;

2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;

3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түсетін түсiмдер (кiрiс);

4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде));

5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер.