Басты бет » Хабарландыру » Шымент қаласы мәслихатының ХАБАРЛАНДЫРУЫ
28.10.2020

Шымент қаласы мәслихатының ХАБАРЛАНДЫРУЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес, қалалық аумақтық сайлау комиссия мүшелігінен 1 орын және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелігінен 45 орындардың босауына байланысты, Шымкент қаласының мәслихаты бос орындарға  үміткерлер бойынша ұсыныстар (қосымшаға сәйкес) қабылданатынын хабарлайды.

Конституциялық заңның талабы негізінде әрбір саяси партия  тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір үміткер ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын үміткерлерді ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзгеде қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзгеде қоғамдық бірлестіктер, немесе жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2020 жылғы 29 қазаннан бастап 17 қарашаны қоса алғанда  мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер ұсыну туралы  саяси партиялар,  қоғамдық бірлестіктер немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партиялар,  қоғамдық бірлестіктер немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) үміткерлердің сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиялары құрамына үміткерлер туралы мәліметтердің, үміткерлердің сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың «Shymkent-maslihat.kz» сайтына орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесіне үміткер осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре  алмайды.

Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2020 жылғы 17 қарашаны қоса алғанда дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 19:00-ге дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 15:00-ге дейін.

 

Шымкент қаласы мәслихаты

 

Шымкент қаласы  мәслихатының хатшысы – Ғ. Ташқараев

Мәслихаттың орналасқан жері:  Шымкент қаласы, N.Nazarbaev даңғылы,10.

Жауапты тұлға –  Ақмарал Төреханқызы Алибекова, № 205 каб., қызметтік телефон 24-74-42, 24-74-00, электрондық пошта:  maslihat_shm@mail.ru.

 

 

 

 

 

Қосымша

 

Сайлау учаскесінің номері Сайлау комиссиясының орналасқан жері Бос орындар
1 2 3 4
Аумақтық сайлау комиссиясы
1. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы N.Nazarbaev даңғылы, №10 1
Учаскелік сайлау комиссиялары
1. № 1 №2 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, Қ. Қазиев көшесі №7 1
2. № 7 №23 мектеп-лицей, Байтленов көшесі №18 1
3. № 30 №6698 әскери бөлімшесі, Б. Алпысбаев көшесі, н/з 2
4. № 33 «Самал» базарының әкімшілігі, Самал-1 шағынауданы, Т. Рысқұлов көшесі №162 1
5. № 40 №6 ШҚКЕ, «А» ғимараты, Самал-3 ш/а, Әл-Фараби көшесі н/з 1
6. №53 №5 ЖОМ, Тұрлан ш/а, Школьная өткелі н/з 1
7. №75 Шымкент дендрологиялық саябағы, Бәйдібек би даңғылы, нөмірсіз 1
8. №112 Ш. Уәлиханов атындағы №18 ЖОМ, Республика даңғылы, №39б 1
9. №129 Р.Мырзашев атындағы № 76 НОМ, «Сауле» ш/а, н/з 1
10. №136 № 38 мектеп-гимназия, 18 шағын ауданы н/з 1
11.  №137 № 106 балабақша, 18 шағын ауданы н/з 1
12. №138 № 41 мектеп-лицей, 18 шағын ауданы н/з 1
13. №146 № 65 мектеп-гимназия, Сайрам шағын ауданы н/з 1
14. №147 №60 балабақша, Д. Ерімбетов көшесі, №91 1
15. №148 № 46 мектеп-лицей, Теріскей ш/а №6 1
16. №150 №48 балабақша, Күншығыс шағын ауданы н/з 1
17. №152 № 28 ЖОМ, Күншығыс шағын ауданы н/з 1
18. №158 «Эскулап-Вита» мед.орталығы, Сайрам көшесі №198б 1
19. №166 №1 облыстық перинаталдық орталық, Ғ.Иляев көшесі н/з 1
20. №168 «Парасат» колледжі, Ақпан батыр көшесі №108 1
21. №170 «Шымкент жол құрылысы шаруашылығы» ЖШС,                  Ө. Жолдасбеков көшесі №63 1
22. №171 № 30 ЖОМ, А.Пшеничных көшесі №32 2
23. №175 Шымкент қалалық №2 перзентханасы, Ж. Алдияров көшесі, №60 1
24. №178 Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжі, Сарбаздар көшесі, № 7 1
25. №183 №31 ЖОМ, Транспортный көшесі, н/з 1
26. №189 №34 ЖОМ, М. Әуезов көшесі, н/з 1
27. №191 №30 «Алпамыс» балабақшасы, Саяжол көшесі, н/з 5
28. №197 №99 мектеп-гимназия, «Қарабастау» тұрғын алабы, Ж. Қамбарұлы көшесі,н/з 1
29. №199 №94 ЖОМ, «Жұлдыз» тұрғын алабы, М.Маметова көшесі №30/1 1
30. №206 №119 ЖОМ, «Маятас» тұрғын алабы, Б.Момышұлы көшесі №54 2
31. №208 №120 ЖОМ, «Тоғыс» тұрғын алабы, Керуен сарай көшесі,  №2 В 1
32. №210 Еңбекші ауданы әкімі аппаратының Қазығұрт аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің ғимараты, Ж.Арзымбетов көшесі №30 1
33. №211 Кітапхана, «Жыланбұзған» тұрғын алабы, Жыланбұзған көшесі,№ 127 1
34. №229 №3 ШҚЕ, Нұрсәт шағын ауданы, № 190 1
35. №250 Ю.Сареми атындағы № 107 мектеп-гимназиясы, «Сайрам» тұрғын алабы, А.Темір көшесі №262 1
36. №296 №48 ЖОМ қосымша ғимараты, Қазығұрт шағын ауданы,  Құрылыс көшесі н/з 1
37. №303 М.Маметова атындағы № 35 ЖОМ,  Байзакулы көшесі №26/1 1
38. №312 №124 ЖОМ, Базар қақпа тұрғын алабы, Терекзар көшесі № 537 1

 

5-ші қосымша

6-шы қосымша