09.02.2022
Кезекті 13 сессия 18 ақпан күні сағат 10.00-де өтеді
Кезекті 13 сессия
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен
қала халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздерді жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы 2022 жылғы 18 ақпанда сағат 10.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1. | Денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы. |
2. | Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары және материалдық техникалық жабдықтау жағдайы туралы. |
3. | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жұмыстары туралы. |
4. | Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және жұмыспен қамту шаралары туралы. |
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://Shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.