Кезектен тыс 15 сессия
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздерді жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясы 2022 жылғы 8 сәуірде сағат 11.00-де қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10 мекен-жайында өтетіндігі туралы хабардар етемін.
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1«Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2«Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/625-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларына жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы.
4 Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының онлайн-көрсетілімі http://Shymkent-maslihat.kz сайтында жүргізілетін болады.