2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/495-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 72 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына №276-VI және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2019 жылғы 7 желтоқсандағы №908 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шымкент қаласы мәслихатының 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 330 458 689 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер – 113 555 676 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 1 409 860 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 987 404 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 214 505 749 мың теңге;
2) шығындар – 310 309 902 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – – 9 183 888 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер – 816 112 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 000 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 8 722 163 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерін сатып алу – 8 722 163 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – 20 610 512 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – – 20 610 512 мың теңге.
- Қала әкімдігінің 2020 жылға арналған резервi 1 700 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
- 2020 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
- 2020-2022 жылдарға қаладағы аудандардың бюджеттік бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
- осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
- ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Шымкент қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | Б. Тулегенов | |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |