Мәслихат хатшылығы

Басты бет » Мәслихат хатшысы

Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы

Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы 1972 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген.

Ұлты қазақ,

Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде саясаттану мамандығы бойынша аяқтап, қосымша «Заңгер» мамандығын игерген.

Еңбек жолын 09.1998-03.2001 жылдары Сарыағаш ауданы №13 кәсіби-техникалық мектебінің оқытушы болып бастаған.

12.2001-05.2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, кейіннен бөлім бастығы;

05.2003-02.2004 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінде бас маман, бөлім бастығы;

12.2004-11.2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы;

11.2006-08.2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі саясат департаментінің директоры;

08.2008-12.2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінде ұйымдастыру секторының меңгерушісі;

12.2009-03.2010 жылы ҚР Әділет министрлігінің дін істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;

03.2010-09.2015 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.

09.2015-07.2018 жылдан бүгінгі күнге дейін «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, «Азиялық газқұбыр» ЖШС-нің Шымкент қаласы бойынша газ тасымалдау басқармасының директоры.

07.2018-12.2021 «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап Шымкент қалалық мәслихат хатшысы болып тағайындалды.

Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы еңбек жолында атқарған еселі жұмыстары үшін «Астана қаласының 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Белсенді қызмет үшін» Nur Otan партиясының төс белгісімен, Елбасының және ҚР президентінің алғыс хаттарымен,облыстық мәслихаттың Грамоталарымен марапатталған.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Разработка сайтов